Бергеніңнен айырмай – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Бергеніңнен айырмай» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1316
Бақытымнан айырылып,
Құса болып қайғырып.
Жүргенімде, о тоба,
Күнім туды қайырылып.
Дінім-иман, киелім,
Тілім-елім, тілегім.
Сәуле төгіп қос нұрым,
Қайта туып түледім.
Қуат еніп қойныма,
Қан жүгіріп бойыма.
Ақ өлеңмен, елімнің,
Шашу шаштым тойына.
Көктен күліп, таң нұрым,
Арайланды әр күнім.
Бергеніңнен айырмай,
Жарылқай гөр Тәңірім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері