Өлең, жыр, ақындар

Замандар заңы

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2215
Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен,
Тұнығындай қайнардың мұңданып өтем.
Туған жерге деген бұл махаббатпен
Мың жыл бұрын біз неге тумадық екен?!
Топырлап шығып, төгілді сөз қанша мұнда?
Тұтанса сезім, шашырар көзден шоғың да.
Бөтен боп кете жаздаған ақбөкен ұрпақ
Табиғаттың кездесті тозған шағында.
Намысы қайсар қандастар, тілдері майда,
Айта алар кім бар армансыз жүргенін ойда?
Ұлы газалдар жазатын ұлы шайырлар жоқ.
Дадамыз — қорқыт. Даланың күйлері қайда?
Көңліміз таза бұйымдай аз-ақ ұсталған,
Өлтірмейтін адамды — ғажап ішкі арман.
Тағдырдың желі әкеткен өздеріңді іздеп,
Мың жылдан кейін келдік біз Қазақстаннан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғасыр қасіреті

  • 0
  • 1

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.

Толық

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым

  • 0
  • 0

Мен бір бақыт іздеп жүрмін, достарым,
Ұқсамайтын бақытына басқаның.
Жұлдыздардай жарық әрі биік тым,
Сол бақытты іздеп жүріп жиі ұқтым:

Толық

Қуаныш еді...

  • 0
  • 0

Бәрі шаттық. Бәрі ұнау,
уайым-қайғы жоқ тегі...
Басқалау ма еді, Тәңір-ау,
балалық шақтың көктемі.

Толық

Қарап көріңіз