Ақ алма – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ алма» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2270
Аулым көшіп барады, тау аралап,
Кеттің ғой жүрегімді сен жаралап.
Жерің шалғай кеткенде, қимас қалқам,
Жүрейін суретіңді мен паналап.

Ақ алма, мен кеткенде сен алма.
Алма мойын ақсұңқар,
Біз құбыңа қол жалға.

Сен де ғашық, қалқатай, мен де ғашық,
Нені алданыш етерміз мауық басып?
Кеткенде жерің шалғай, қимас сәулем,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып.

Ақ алма, мен кеткенде сен алма.
Алма мойын ақсұңқар,
Біз құбыңа қол жалға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері