Ақ бидай
Бұл бетте «Ақ бидай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,
Бір топ тана су ішер ұрттап қана.
Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.
Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,
Төсегіңде, бір топ бала.
Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.
Сырлы қасық жанымау, сырлы қасық, ақ бидай,
Сылқымдықпен сындырдым сабын басып.
Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.
Күнде мұндай кезіміз келе бермес, ақ бидай,
Бес-алты ауыз өлең айт көңіл ашып.
Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі