Ақ дариға – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ дариға» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2019
  • 0
  • 2
  • 21651
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу қарағым,
Көзіңмен айналайын жайнақтаған.
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Мико

Бұл әнің минусавкасы барма?

Асем

Керемет

Осы автордың басқа өлеңдері