Өлең, жыр, ақындар

Қала

  • 31.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2657
Рухымыз кетпепті аласарып,
Азаттықтың байрағын ала салып,
Өркениет аулына көш түзедік,
Алдыменен жол салып, қала салып.
Адамдықты әспеттеу — асқан әдеп.
Адам үшін бастысы баспана деп,
Сарыарқаның төсіне қала салып,
Асқақтатып ат қойдық Астана деп.
Мықтылардың болмаса мұраты ұлы,
Сүйреп кетпек заманның сұрапылы.
Қала салу — белгісі бейбіт күннің,
Кенже қалып қоймаудың бір ақылы.
Бостандық деп бастадық бұл тұста әнді.
Нағыз ірі намысты ұлт ұстанды.
Дүниенің жүзіне таныстырып,
Дүр сілкінтіп тастадық Түркістанды.
Танылады көбейіп әлі азымыз.
Өспей жатсақ, болар ек наразы біз.
Алла берген ақиқат мүмкіндікпен
Қайта шықты тарихқа Таразымыз.
Тараз еді ағасы көп қаланың.
Көне шаһар алдында тоқталамын.
Жосығымен табылса жоқтағаным,
Жоғарыға шықпасқа жоқ та амалым.
Қайсар ұлттың тағдыры текті неткен!
Қайта тудық қапастан, көк түнектен.
Елбасымыз қаһарман болып шықты
Шаһарларын шаншылтып Көк тіреткен.
Нән жартасқа гүл шығар нәзік көктеп,
Намыстылар қадалар қазық боп тек.
Кең даланың төсіне ел тарихын
Қалам емес, қаламен жазып кетпек.
Айдарынан Ай сүйген ерікті Елмін.
Атырауым жайнап тұр, көріп келдім.
Еміреніп демеу сөз, жебеу жырмен
Еріп келген пейліме еліктер кім?
Ақ боз мініп, арғымақ қабатқа алып,
Қаратаудан қайтып ем қанаттанып,
Алатауым алдымнан гүлін төсеп,
Алматым да тұр екен абаттанып.
Егемендік белінен ескен-ді леп.
Ескен лептер жандырды өшкенді көп.
Айтып көрсін қас дұшпан бұл қазақты
Қала сала білмейтін көшпенді деп.
Ақысына, кегіне бұрынғының,
Ұлт қамына бұрылсақ шұғыл бүгін,
Ауыл — біздің құтымыз, бесігіміз,
Қала — сәулет, ғимарат, ғылым, білім.
Мүддемізді тең ұстап шыққан шақта,
Жарасады күлсек те, мақтансақ та.
Барымызды бұйыртқыз өзімізге,
Алла, бізді тіл-көзден, сұқтан сақта!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан дала – жәннат дала

  • 0
  • 7

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Толық

Сіз осы шыныменен білмейсіз бе

  • 0
  • 0

Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Толық

Таң шапағына құштармын

  • 0
  • 0

Мен даланың қызымын Ел деп туған,
Шөлдеп туғам көктемге гүлдеп тұрған.
Жыр боп құйған жаңбырмен жаным бірге,
Табиғатпен тамырлас келбет — тұлғам.

Толық

Қарап көріңіз