Сүйінқара – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Сүйінқара» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1332
Сүйінқара! Сүйінқара!
Маған ыстық осы есім,
Ағылтқандай ерлік жырдың,
Емін еркін термесін.
Тебіреніп іздеріне көз тігем,
Ғасырлардың аттап өтіп белесін.
Көз алдыма елестейді аруақ,
Азаттықтың алға тартқан кемесін!
Жан-жағынан жау қамалап елімді,
Жалынға орап от басқанда жерімді.
Жолбарыстай ол алысқан дұшпанмен,
Таптатпасқа кие толы төрімді.
Тажалдардың тырнағына түсірмей,
Көрсете алып Көк Бөрілік тегімді!
Зеңбіректердің оғын қағып қанжармен,
Ол бетпе-бет келіп талай ажалмен.
Тауларға ұқсап тұра білген қасқайып,
Озбырларға таланбасқа туған ел.
Нағыз батыр шайқасып өлер жорықта,
Сөз қалдырған осылай-деп, қайран ер!
Тарқамасқа төрімізден ырыс-бақ,
Ол көрмеген аттан түсіп тыныстап.
Көз жұмғанша қорған болған халқына,
Бар тойына шашу шашып уыстап.
Бұл күндері Саятөстен тік тұрып,
Үн қатқандай ұран салып дауыстап!
Ашу қысып ешкімге де сөз бермей,
Бір сұмдықты алдын ала сезгендей.
Өзендегі аналардың көз жасы,
Тыныштығын зар еңіреп езгендей.
Ой салады ұрпағына жау жүрек,
Аттан,аттан! Намыс қайда дегендей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйінқара өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Сүйінқара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйінқара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйінқара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері