Жұлдызым менің – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жұлдызым менің» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаудыратып, балбыратып гүл жүзін,
Тағдыр маған қиған шығар бір қызын.
Әуел баста-ақ маңдайыма жазылған.
Сен боларсың, сен боларсың, жұлдызым. 2 рет

Олай болса, қолыңды бер, ер маған,
Енді мәңгі жан серігің мен болам.
Аспан бізден аямайды шуағын,
Ақ тілегін береді анау кең далам. 2 рет

Жасқанба тек, жатырқама, ұялма,
Бірге күл де, бірге шалқып, қиялда.
Мың жұлдыздың ортасынан бөліп ап,
Бір өзіңді әкетемін қиянға. 2 рет


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері