Баянауыл – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Баянауыл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5714
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес.
Ақбоз үйдің сыртынан шығарып сап,
Қош, ағатай, дегенің естен кетпес.

Баянауыл басында балалы құр,
Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Ауылыңның тұсынан аттанғанда,
Ақбоз үйге сүйеніп қара да тұр.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері