Ой – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Ой» атты Гүлмекен Қасенбай жазған отан туралы өлең берілген.

Сезім - сұлу қыздың ойыны,
Жалт етіп, ұстатпай кететін.
Махаббат - пенделер сезімі,
Қызығы басылса - өтетін.

Жанұя - бақыттың тұрағы,
Ұлың мен қызыңа жетесің.
Адалдық - бəрінен жоғары,
Мəңгілік қастерлеп өтесің.

Жұбайлар - отанның кірпіші,
Абайла! Бөлініп қалмасын.
Бір рет таңда да, тұрақта -
Қос қанат ұшудан талмасын.

Балалар - жұбаныш, бақытың
Солармен мəнді екен ғұмырың.
Барғанда Алланың алдына -
Кигізсе алтын тəж ұл-қызың.

Ата-ана - ең қымбат байлығың,
Оларсыз бағың еш жанбаған.
Разылық батасы олардың -
Жаннатқа жетелер зор амал.

Осылар сəлемет, сау болса,
Елімнің ғажайып ертеңі.
Қазағым болса егер білімді,
Болады ертеңі ертегі..!

Гүлмекен Қасенбай
04.05.18


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар