Аққу құс – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Аққу құс» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3218
Аққу құс ұшты,
Желдей есіп күшті,
Ән салып күлді айнала.
Көлді кеп құшты...
Керіліп құшты,
Ақ төсін төсеп айнаға.
Құлаштап желді,
Аққу құс келді...
Көлеңдеп, жүзіп сыланып.
Көркейтті белді,
Көркейтті көлді,
Ақ күміс суға бұланып.
Аққу құс көркем!
Ақ төсін көрген,
Көлеңде, сәулем, сыңқылда,
Көлдегі, еркем,
Ғашығым, еркем,
Сылаңда, биле, былқылда.
Аққу құс жүзді,
Ақ көбік тізді,
Айнадай тұнық көл суын
Қақ жарып сызды...
Күміс жол сызды —
Сұлуым, сәулем, аққуым!
Аққу құс кербез!
Биіңді көргіз,
Көрсет, сәулем, сәніңді.
Таяншы тез... тез...
Сұлуым кел тез,
Құбылтып салшы әніңді.
Аққу құс сөйлеп,
Сыңқылдап күйлеп,
Сыбырлап сүйіп жалынды.
Айналып билеп...
Ойнады билеп,
Балқытты менің жанымды.
Аққу құс сәндім,
Күйіп мен жандым,
Туғаннан саған ғашықпын.
Көлде мен көрдім,
Соңыңнан ердім,
Көруге тағы асықпын.

1921 жыл, 5-шілде, Көкшетау


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аққу құс өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Аққу құс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аққу құс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аққу құс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері