Аспан асты ақ толқын – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Аспан асты ақ толқын» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 2
  • 2362
Теңіз де теңіз сары ала
Жел құшағы жетпеген
Теңіз құсы шағала
Ол да кесіп өтпеген.
Аспан асты-ақ толқын
Ал қимылда, ел-дана!
Соны төкпей сақтайтын,
Жинайтын да сен ғана!
Сенің ғана бірлігің,
Іскерлігің бір сенің,
Сенің ғана тірлігің,
Жерге біткен мұнша егін!
Қашанда өзің ұлы істі
Басқарар да, туғызар.
Кең жаралған ырысты
Кең маңдай ғана сиғызар.
Сенің еңбек – бағында
Ай-қарауыл, Күн — күзет!
Керек болған шағында
Түнді дағы күндіз ет!
Күз — күрес те, жаз - майдан,
Миллиард қолда бір тұрсын.
Жеңіс келіп мәз-мәйрам
Ғажап бақыт күн тусын!


Пікірлер (2)

Жазбаймын

Оте жаман Маган унамады фуууу

Омар

Жақсы өлең, пайдама жарады, рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері