Өлең, жыр, ақындар

Асқар мен кимешек

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1689
Бұл қылығын бiлмесек,
Асқарға бiз күлмес ек.
Ол ұнатпас киiмдер –
Күндiк пенен кимешек.
Жақтырмайды жалтылдақ
Əшекейлi зерiн де.
Тұратұғын жарқылдап,
Моншақ таққан жерiн де.
Қарт анасы той болса,
Кимешегiн киедi.
Өз-өзiнен ол болса,
Шыж-быж етiп күйедi.
Ұзамас үй маңынан
Деп балалар күледi.
Шешесiнiң жанынан
Аулақ қашып жүредi.
Қуыстанып, қорланып,
Қарс жабады қабағын.
Тап сол күнi зорланып,
Iше де алмас тамағын.
Жалбарынып өтiнiп,
Қанша айтса да киме деп.
Апасы ұрсар зекiрiп,
«Жын, перi ұрып жүр ме», – деп.
«Неге тидi жынына,
Күндiк пенен кимешек.
Ел жиналған жиында
Бола ма екен кимесек...»
Асқар үшiн алайда
Бəрiнен де қиыны:
Мейрамда өтер қалайда,
Ата-аналар жиыны.
Жиналысқа апасы
Бармаса деп тiлейдi.
Барса барсын атасы,
Шеше сырын бiледi.
Осы Асқар батырың
Күндердiң бiр күнiнде
Жиналысқа шақырып,
Келсе апасын үйiне,
Өтiнедi зар қылып,
Жыларманға аз-ақ қап,
«Күндiк кисең барлығы
Күледi деп мазақтап».
Апасына үйiнен
Ұзағанша алыстап:
«Күндiк киiп келме» – деп,
Кетедi ол табыстап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хайуанаттар дүкенi

  • 0
  • 0

Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..

Толық

Шырша қаншада?

  • 0
  • 0

Жапырақ сарғайғаны –
Қартайғаны.
Қара шаш ағарғаны –
Қартайғаны.

Толық

Есеп

  • 0
  • 0

Бос тұрмастан бекер,
Алпыс секунд өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр минутқа жетер.

Толық

Қарап көріңіз