Өмірде ұмытпаспын мына түнді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмірде ұмытпаспын мына түнді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Өмірде ұмытпаспын мына түнді,
Жүректен жанартаудай жыр атылды.
Ұйқымнан неге ояндым деп өкіндім,
Түсімде көріп бүгін ұлы ақынды...
Сезімді балапандай түлетер күн.
(Бейнеңді көздеріме түнетермін).
Ашылған омырауыңды қымтап үнсіз,
Тілдесіп оңашада тұр екенмін.
Жырларың көңілімді келіп тербеп,
Көшкендей көкірегімнен еліктер көп.
Көрінер көзге даңқың, зат болса егер,
Айтар ем даңқыңнан сол бөліп бер деп.
Көгімен сағыныштың қалқып ұштым,
Келмейді өмір нәрін сарқып ішкім.
Сиқырлы, үзілмейтін жанымызда
Таңдандым барына бір тартылыстың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері