Өлең, жыр, ақындар

Қазақ тілі

1 Мақтан етем қазақ боп туғанымды,
Қазақтың ұрпағынан болғанымды.
Құдіретті тілімді қорғаймын мен!
Өзге тілге тәуелді болмаймын мен!

2 Сөйлеймін мен ,әркез ана тілімде,
Қазақ қаны ағып жатыр ішімде
Ана тілде сөйлеу менің парызым
Жеткілікті ,ана тілге қарызым!


3 Өз тіліміз ұмытылып біздерге
Келіп жетті күйінетін кездер де
Тіл құқығын қорғау енді міндет боп..
Таралмаса жарар еді ,індет боп..

4 Қайбір ұрпақ қастерлемейд өз тілін?
Ана тілін,құдіретін,орынын
Ана тілін естіп,біліп өскен соң
Сол бір тілде сөйлеу-сенің парызың!

5 Айналада орыс тілді афиша
Ғаламторда кең таралды орысша
Соны көріп өсед енді жас ұрпақ
Қазақ тілін сонда кімдер қорғамақ?!

6 Орыс тілге байланған бұл ұрпақтар
Парақшасын осы тілде орнатар
Жойсақ егер сол бір үлкен кеселді
Тіл шіркіннің ,болашағы ашылар!

7 Толып жатыр орыс тілді қазақтар
«Қазақ тілде сөйле! »-деп кім қыспақтар?
Жалғасса егер осы үрдіс тоқтамай,
Елімізде қазақ тілі жоғалар...

8 Ойлануға тұратұғын мәселе
Жанашырлар жүр ғой соны көтере
Неге бірақ нәтиже жоқ олардан?!
Қазақ тілі неге төмен кетуде?

9Біздің қолда бұл Отанды басқару
Болмау керек, өзге ұлттан жасқану
Басты көтер ,сөйлей бергін қазақша,
Білсін олар ,билік мына қазақта!

10 Насихаттау мына біздің парыз ғой,
Әрбір ұрпақ ана тілге қарыз ғой.
Қастерлеуді білсе егер әр қазақ,
Қазақ тілі ,тек биікке самғамақ.

11 Әр қазақта орысшылдық індет бар
Соны жояр бізге артылған міндет бар
Жұмылайық ана тілді қорғайық
Рухы төмен,ойсыз ұрпақ болмайық!

12 Өзге тілді үйренейік барынша
Жақсылыққа алып келер артынша
Тек сол тілге байланбайық ешқашан
Білу керек өзге тілді əрқашан!

13 Даму үшін өсу үшін ғаламда
Білімділік қажет барша адамға
Келешегі мемлекеттің ертеңгі,
Ой-саналы ұрпақтардың қолында

14 Артық етпес 70тілді білсеңде!
Сөйлеу деген əркімнің өз еркінде
3 тілді де бірдей,қатар меңгерсең
Болашағым,келешегім жарқын де

15 Құрметтету үшін ана тіліңді
Шырқап жүрші,қазақ деген әніңді!
Өзгелердің құрметтегін өз тілін
Таңданыспен айтсын қазақ кеңдігін!

16 Біз дамимыз,шарықтаймыз әлі де
Кіру үшін 30 елдің біріне!
Дәлелдейміз,мықтылығын қазақтың!
Көрсетеміз бас мақсатын қазақтың!


17 30 елдің дамыған біреуінде
30 елдің ең алтын тізімінде
Ақырын жеткенімен Қазақстан
Әлі-ақ тұрар ең мықты бестігінде!

18 Оятқандай Міржақыптың Дулаты
Оятамын мен де біздің қазақты!
Еліміздің келешегін ойласақ
Мына бізде оятайық қазақты!

19 Мақсатымыз жететұғын көп әлі
Ашылмаған сырларымыз бар әлі
Болашағы жарқын менің қазағым!
Әрекетке кіріседі,көр әлі!



Пікірлер (1)

Ақерке

Күшті мəн мағынасы бар ұйқасқан əдемі өлең

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз