Ақбілек
Бұл бетте «Ақбілек» атты Сайлаубай Тойлыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.09.2024
- 0
- 0
- 1007
Жанымды жалыныңмен ұштар ма едім,
Жүрегім сұлулыққа құштар менің.
Тербетіп сезімімді кеттің білем,
Шіркін-ай ақ білектен ұстар ма едім!
Қайырмасы:
Жүретұғын бақ тілеп.
Осы еді ғой ақ тілек.
Сенсің менің арманым,
Ақбілек-ау, Ақбілек!
Аққудай айдын-көлде таранып ең,
Еріксіз есім кетіп барамын мен.
Тұңғиық тұнығыңда сыр жатқандай,
Жанымды баурап алдың жанарыңмен.
Қайырмасы
Сұлулық, сымбатыңмен құлаттың да,
Кеудемде жырым болып гүл аттың ба?
Жүрекке әмір жүрмес, деген бар ғой,
Өзіңді бір көргеннен ұнаттым ба?
Қайырмасы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі