Ерке құсым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ерке құсым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1709
Үнсіз ғана күлімдейсің,
Жүрегімді тілімдейсің.
Тұнық судың бетіндегі
Ай нұрындай дірілдейсің!

Қайырмасы:
Айналайын, ерке құсым,
Жан сырыңды шертемісің?
Бұл жалғанда таусылмайтын,
Таңғажайып ертегісің!

Ақ мамықтай үлпілдейсің,
Сәби күнгі күлкімдейсің.
Шөліркеген қарлығаштың
Көмейіндей бүлкілдейсің.

Қайырмасы.

Тамшыдайсың ыршып аққан,
Жас гүлдейсің бүршік атқан.
Тұна қалған сәуледейсің,
Көктемдегі күншуақтан!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері