Мұқағали Мақатаевқа арнау –
Нұрия Шәріп
Бұл бетте «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты Нұрия Шәріп жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Мұқағали Мақатаевқа арнау
«Ақынды ақын оятпаса, болмайды»
Деген сөзің ой-санамды торлайды,
Қаламымнан сия тамып жатқанда
Бұл сөзіңіз талантымды шыңдайды.
Дейсіз тағы: « Бір өлең – бір елдің мұрасындай»
Әр жырыңыз халыққа – мұра, маған – сындай.
Екі ойыңыз бірігіп, ұштасқанда,
Бір алып өлең жауар – бұрқасындай.
«Бала шақтан – болашақ» тұтқасындай,
Поэзияңыз осы күнде сақталуда
Елге жазған өсиет тақтасындай.
Халқына жырдан алқа тағындырған
Ақыным биік шыңды бағындырған
Сөзімнің астарында тау шыңы емес,
Поэзияшыл өлеңдері-ай, сағындырған.
Естісең құлақ құршын қандырады,
(Емес бұл бір ақынның сандырағы)
Бұл өлең, бұл сара сөз, поэзияғой...
Бұлқынып өң бойыңа еніп кетіп,
Баурап алып жан дүниеңді жандырады.
Құдіретті өлең-сөздің күшіменен,
Оқырманды ақыл-естен тандырады.
Келешекте есімі еш өшпейді –
Ұрпақтарға аманат боп жаңғырады!
- Тест
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Стив Джобс
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі