Ақ бесік – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ақ бесік» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1537
Тербелесің тынымсыз, тербелесің,
Тербетумен өмірді сен келесің, ақ бесік.
Сылдырмаққа айналып ай мен жұлдыз,
Күннің өзі үстіңде дөңгелесін, ақ бесік!

Қайырмасы:
Тал бесігім,
Жан бесігім,
Жөргегіңді суытпа!
Балақаным,
Балапаным,
Ән-күйменен
Әлдилеген
Бесігіңді ұмытпа!

Құшағыңа бар әлем сыятындай,
Саған әкеп бар нұрын құятындай, ақ бесік.
Сенен қымбат бар ма екен, уа, дариға-ай,
Балапанның кішкентай ұясындай, ақ бесік!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері