Өлең, жыр, ақындар

Тəуелсіздік

Не көрмеде, не өтпеді қазағының басынан,
Сабирадай батыр қыздар қыршын кетті жасынан
Желтоқсанның сол бір ызғар, сол бір қиын күндерін...
Ұмытпаймын, ұмытпа сен сол ерлікті жас ұлан!
Қуандық біз желтоқсанның 16-шы жұлдызы...
Бабалардың армандаған, аңсаған сол бір күні,
Тəуелсіздік тəу етерім алып берген бабалар
Мұра болсын, кіші ұрпаққа ендігі,
Мəңгілікке ұмытпастай жүриікші бұл күнді.
Тəуелсіздік таңы атты елімде
Көк туымыз желбіресін көгімде,
Қайсар, батыр ерлері бар қазағым,
Жетті міне еркіндікке бүгінде!
Ұмыт болмас батырлардың ерлігі
Бізге қорғау парыз болған ендігі
Жалындаған қанымдағы өр рухты
Өшіре алмас мұхит, теңіз ешбірі.



Пікірлер (3)

Алия

"Не көрмеде"-?

рахия

алия не көрді

Ляззат

dina002807, Не көрмеде - қате ма?

Пікір қалдырыңыз

Тілім менің

  • 0
  • 2

Қазақ тілім мына менің тірегім,
Тілім десе соғып тұрар жүрегім.
Өз тілімді ұмыт қылсам егерде,
Айтыңдаршы несіне өмір сүремін.

Толық

Өмір

  • 0
  • 1

Құлазыса қиналып көңіл бір күн,
Жұбанамыз дейміз де, "өмір" мүмкін.
Жоғалтып аламыз-ау жақындарды,
Сынып кетсе бір күні сенім шіркін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар