Үміт бар секілді
Бақыттың шыңына шығуға ұмтыламын ,
Кейде дауылдай алас ұрып бір тынамын ,
Ішімдегі ызамды айтуға да қынжыламын ,
Жанмын ау осы қиялмен жасап алған өз сыңарын.
Үміт бар секілді әлі де жігер берер ,
Бақыт дәнінің күні алыс емес өнім берер ,
Жүрегіңнің шын сезіммен нұрын төгер ,
Күні таяу секілді ...
Себебі менде аз болса да үміт бар.
Қорқу да жоқ емес ,үйір болған күдік бар .
Себебі сендік жүректе ашылмайтын құлып бар ,
Сенде маған деген айтылмайтын сырың бар,
Есесіне шын жүрекпенен жазылатын жырым бар,
Не хәлге салсаңда мейлі, қақың бар.
Есесіне менде өшпей тұғын атың бар.
Сенде бөтен тұтып суытар, Солтүстіктің лебі бар.
Есесіне менде жақын келіп жылытар,
Оңтүстіктің желі бар.
Саған деген сезімім от болып тұр, алаулап,
Ал сенің кеткің келеді неге барлығында тамамдап,
Кейін қалай күн кешпексің жүрегімді жаралап,
Мейлі бара ғой бар ендеше .
Жүрегің мені шын сүйюге әмір бермесе.
Қалдырған уақытыңды ,бақытыңды қуып жет.
Бірақ өзіңменен мендегі өрт жаулаған сезіміңді ала кет.
Алалмайсың саған деген сезімімді мендегі,
Тінтсең дағы таба алмайсың жүрегімдегі бөлмені,
Себебі қорғап тұрған кішкене болсын үміт бар,
Алалсаң ең алдыменен үмітімді жеңіп ал ....
Исабек Азамат Шыныбекұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі