Бұл тiрлiкте сiз де, бiз де жолшымыз – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Бұл тiрлiкте сiз де, бiз де жолшымыз» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 734
Бұл тiрлiкте сiз де, бiз де жолшымыз,
Жолда тұрмыз.
Қадам бассақ қалсын iз.
Сол бiр жолда кездейсоқтау кездескен,
Әдемiсiз, тамашасыз, көршi қыз.
Көңiлiмнiң тарқамай ма құмары –
Сiздi ылғи көргiм келiп тұрады.
Көрген жанның кеуде тұсын қозғайтын,
Сiздегi үнсiз бiр ұяңдық ұнады.
Қатар тұрып жүрем сiздi сағынып,
Аялайды алдандырып ақ үмiт.
Тұрады ылғи көршi есiкпен сiз ашқан
Кеуде тұсым бiрге ашылып, жабылып.
Көзiңiзде жалт еткенде тұнық нұр,
Әлемiмде қалар нәзiк тұнып жыр...
...«Көрiнер» деп бiр үмiтпен қарап ем,
Көршi қыздың есiгiнде құлып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері