Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Үмітімді «жартастан» неге үзбеймін,
Өз дертімнен дауылды ем іздеймін,
Сездірмеген сыртынан, сырын жұмбақ,
Тұман басқан кешкі бір теңіздеймін.
Табиғатпен осынау егіз деймін,
Өз ішімнен үңіліп, кен іздеймін.
Ризамын, туған ел, шыққан күннің –
Шуағынан емізбе, еміз, мейлің.
Түйін болып туғандай жыр анадан,
Құйын болып қуғандай құла далам.
Аузын ашқан шырылдап балапандай,
Сыбағамды мен кімнен сұрап алам?
Әйнегімнен кіреді түтіндей мұң,
Біреу үшін нүкте емес, үтірдеймін.
Келетұғын екінші өмірімді ап,
Ертеңім бар, соған да, «шүкір» деймін.
Күн ойланам, жыр жайлы түн ойланам,
Жел - өсекпен несіне ылайланам.
Басына бақ жетпеген кезде адамның,
Беріпті ғой, берерін құдай маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері