Қамшылап – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Қамшылап» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Қамшылап...
қанға бөктiрдiм,
Сауырын мiнген жабымның.
Әттең-ай, соны текке ұрдым...
Тұлпар-ау дедiм.
...жаңылдым.
Тұлпар деп таңдап мiнгенiм –
Арқасы жауыр жабағы.
Сүйреткен құры сүлдерiн,
Күндерiм өтiп барады.
Арман ба?
Онда кеуде жоқ,
Жабының жағын қан қылып,
Атойын салмақ...
– сөнген от,
Ар жағы құры жаңғырық.
Қателеспесем керек-тi,
Аңсадым биiк.
Тым алыс.
Өткен күндерiм – тек өттi,
Келетiн күндер – қуаныш.
Алдымда тағы бiр бекет,
Алдымнан сыйын шақтаған.
Жабымен соған түнде кеп,
Арғымақ мiнiп аттанам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері