Өлең, жыр, ақындар

Қайда барып, қайдан мен жай табармын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Қайда барып, қайдан мен жай табармын,
Қайырмасы болдың сен айтар әннің.
Алабұртқан көңілмен, адасып көп,
Қазығыңа қағылған қайта оралдым.
Көз алдымда сен тұрдың, бұла шағым,
Қанат жайып кеудеме құласа күн.
Сол бір күннің шұғылалы шуағымен
Оянамын, құлпырып, гүл ашамын.
Көрінер ме ем биіктен сен күтпеген,
Әлемге тән кеңістік кеңдікпенен.
Сүю деген ердегі ерлік дейді,
Табынамын дәл сондай ерлікке мен.
Көрмедің сен, тұрсам да көз алдыңда,
Өз алдыңда елеусіз тозаңмын ба?..
Көкжиегім, көзіңе түсу үшін,
Уақыттан осынау озармын ба?
Шуағыңа жанып жыр шақпағымды,
Тасытқанда жандағы от қанымды,
Көкірегіңе тартар ма ем қызыл-жасыл
Кемпірқосақ секілді соқпағымды...
Жалған жырым, өзіңсіз жалған әнім,
Ұйқыда өткен күніме таңданамын.
Сүйе тұрып өзіңді сүймей кеткен,
Нәзік сәулең таңдағы мен боламын...
Ықпал етер көңілге қас-қабағың,
Сыйлайтындай күлкіміз басқаға мұң.
Үкіміңді күткен бір айыпкердей,
Қарай алмай көзіңе жасқанамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жерім – бар менің, барасың ба?

  • 0
  • 0

Туған жерім – бар менің, барасың ба?
Баламас ел баласын дара шыңға.
Аяулымның ізі бар, аяғымның,
Қосағаш пен Қасқажол арасында.

Толық

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем

  • 0
  • 0

Қатайтты сені, бәлкім, өмір білем,
Жас өндір жігіттердің көңіл гүлі ең.
Сезімің селк ететін сәл нәрседен,
Аққудың айдындағы көгілдірі ең.

Толық

Сенің даусың

  • 0
  • 0

Жанымды сенен басқа жан ұқпай жүр,
Қабағын қашып кетті танытпай жыр.
Алқынып, ауа жетпей аузымды ашам,
Қайраңға шығып қалған балықтай бір.

Толық