Мамыр
- 0
- 0
Май сағымды маңғаз Тау үріп ішкен,
Өлөң аға жөнелер тіліңізден!..
Қаз дауысы аңқыған қоңыр желге
қазанақтың, қайыңның бүрі піскен.
Бұл бетте «Өмір дейтін кең ағысты толқында» атты Kurban_Arailym жазған өмір туралы өлең берілген.
Бауырым, қойшы ұлының сөзіне сен.
Сен оның көзіне сен, әсіресе:
жартастың үкі ұшатын қолтығынан,
жантайып жарықтық Ай есінесе.
Көп ағайын мені, әттең, түсінбеді.
Қысым ба еді ол сонда, түсім бе еді?..
Өлөң үшін әбігер болды ма олар?
Бәрі де әлде өздері үшін бе еді?..
Мен өзімді іштегі шермен езем.
Ой-арманы жоқ адам, ол да – бәрібір –
орманынан айырылып өлген өзен!
Талай төніп санама мұнар-сұрақ,
Сөз сүйегін өлшеме, мұңды өлшегін,
Ой – көп, қобыз-ділімнің түртер ішегін.
Сары Дала дөңбекшіп Күн астында,
сайтан-сағым сорады бұлт емшегін.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі