Әке – Ермахан Шайхыұлы

Бұл бетте «Әке» атты Ермахан Шайхыұлы жазған әке туралы өлең берілген.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Ержетуді ойлап ертерек,
Шаттанып, шалқып жүріппін.
Келеді мені жетелеп,
Бір сенің аппақ үмітің.

Самғатқан көңілін көкөрім,
Ұлыңның асқақ арманы.
Әнімнің тұнық әуенін,
Бір саған әке арнадым.

Ұғамын өрлік жүзіңнен,
Өзіңмен нұрлы таңым да.
Асқар тау болып тұрсың сен,
Әрдайым менің алдымда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері