Ойға батып... батпадың тек, күнәға

Бұл бетте «Ойға батып... батпадың тек, күнәға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 528
Ойға батып... батпадың тек, күнәға,
Көк аспандай көңілде кек тұра ма?
Адамдағы мейірім жер бетінен –
Бірге көшіп өзіңмен кетті ме, аға?
Егіз емен... сырласқан егіз бақыт,
Көкірегіңді ауыртты көп із батып.
«Кеңсайды» бір келтіріп тәубасына,
Тау басына қалғандай теңіз қатып.
Айта алмаймын, бейнеңді бейнелеп мен,
Тағдырым не бұйырар, сөйлеп өктем.
Мөлдір теңіз, толқыған сол бір теңіз,
Жаңбыр болып жауады кейде көктен.
Тұрып қаппын... «жартастай» жағадағы,
Толқын қуып толқынды ағады әлі.
Жылылықпен маңдайын теңіз сүйген
Шағалалар қанатын қағады әні,
Тазалықты аңсаумен ағадағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойға батып... батпадың тек, күнәға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ойға батып... батпадың тек, күнәға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойға батып... батпадың тек, күнәға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойға батып... батпадың тек, күнәға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері