Қуаты оттай бұрқырап – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Қуаты оттай бұрқырап» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.04.2015
  • 1
  • 6
  • 28760
Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз —
Наданға қадірсіз.

Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым-жырт!

Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.


Пікірлер (6)

Айшуак

Керемет

Камбар Ардак

Оте жаксы малиметтер оте коп осы каналдын подпискилери коп болсын

Жұлдызай

Өте керемет бірақ сөздері қиындау екен

Жұлдызай

Өте жақсы сөзі қиын екен

Лаура

“Қуаты оттай бұрқырап” өлеңін оқып шығып, оның сөздің күшіне, ойдың өткірлігіне деген терең мағынасын түсіндім. Бұл шығармада Абай сөзді адам санасын оятатын қару ретінде бейнелеп, надандық пен түсініксіздіктің қауіптілігін айқын көрсеткен сияқты. Өлеңнің энергетикалық ритмі мен таңдамалы бейнелері жанға ерекше әсер береді — адамға тек сөзді дұрыс қолдану ғана жеткілікті емес, сонымен бірге оның мағынасын терең түсіну керек екеніне ойландырды. Осындай мағыналы поэзияны оқыған сайын қазақ поэзиясының асыл қазынасы мен рухани тереңдігіне тағы да тәнті боласың!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаты оттай бұрқырап өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Қуаты оттай бұрқырап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаты оттай бұрқырап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуаты оттай бұрқырап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері