Анашым – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Анашым» атты Айжарық Абылқасымов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1739
Сағындырып тағы жетті сары күз,
Ақжауынмен езіліп тұр жанымыз.
Алма ағашпен бір балаңдай аулаңда,
Жазмыш қой жылап тұрмыз тағы біз.

Соқсын самал, көңілімді тербетсін,
Сарқылмайтын сол самалдай мол бопсың.
Мен келгенде сүп- сүйкімді жүретін,
Қос әйнектің ар жағында сен жоқсың.

Ойлап кеттім, өзің жайлы, дем басып
Омырауымды жетім көңіл желге ашып.
Аласапыран сағынышпен арбасып,
Көңіл шіркін көмескі көп жолды асып.

Сыздар жүрек сағыныштан ұлғайып
Ұлғайып ап қанаттарын тұр жайып.
Жеткіз мені анашыма сол құдірет,
Бөліс қане, бақытыңмен қылдай қып!

Күндер қайда мен арманға құштар шақ,
Төбет үрген біздің үйдің тыстан сақ.
Әлдеқайдан әкем келіп жататын,
Шіркін, деші шәйдің басы қызған шақ.

Дастарқанға құлап сонда күн шуақ
Шақпақ қантқа таласушы ек шұрқырап.
Шоққа піскен тапа нанға тойып ап,
Мазаңды алып жүруші ек қой су сұрап…

Қайда кеткен, анашым-ау қайран күн
Мың мұңайып, мың қуанып қайралдым.
Әкем кетті, әшейін бір сен кеттің,
Түс секілді түпсіз ойда мен қалдым.

Солай ана, сен кеткелі басқамын,
Көп ешкімге дүниемді ашпадым.
Өксік пе әлде, өкініш пе бірнені,
Оңашада жаспен жуып тастадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анашым өлеңінің авторы кім?

Айжарық Абылқасымов — осы өлеңнің авторы.

Анашым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анашым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Анашым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері