Ол мені сүйеді бәрібір! – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «Ол мені сүйеді бәрібір!» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1095
Жалындап тұрып-ақ жанары,
Булығып, ішінен жылайды.
Алмадай домалақ анары,
Әлі де ұнайды, ұнайды.

Мақтадай мап-мамық еріні,
Дәмі - бал, сүйгенде еріген...
Ол бүгін бір үйдің келіні,
Біреуді бағына теліген.

Жұп-жұмыр, шыбықтай белінен,
Ең алғаш мен бейбақ құшқанмын.
«Сүйемін» деп айтып «сені мен!»
Ал бүгін «ойыннан» тыс қалдым.

Уақыт не деген ақымақ?
Ол қыздың әлі де жаны - гүл.
Өзгенің қойнында жатып-ақ,
Ол мені сүйеді бәрібір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ол мені сүйеді бәрібір! өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

Ол мені сүйеді бәрібір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ол мені сүйеді бәрібір! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ол мені сүйеді бәрібір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері