Петропавл қамалында – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Петропавл қамалында» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1898
Өтпейді еш жерінен күн мен дыбыс,
Мәңгілік тас қараңғы, түн тым-тырыс.
Адамға адам жасар қиянатты
Тілсіз-ақ баяндаған бір тылсым күш.
Революция ерлері мұнда жатқан,
Тұрып-тұрып, жұлдыздай жылдар аққан.
Өз жанының оттарын жарық етіп,
Өз дауысын өткізген мың қабаттан.
Бұл камера – Горькийдің жанын қысқан,
Қаламынан сонда да жалын ұшқан,
«Күн баласын» жазыпты дәл осында
Өзі күндей ардақты сол данышпан.
«Күн — анамыз, біз күннің перзентіміз,
Жарық күнмен қашан да бірге еншіміз.
Күнді бізден ала алмас ешкім тартып,
Күн туғанша таусылмас күресіміз».
Осы сөздер жазылған жарға мықтап,
Адам күшін айтқандай мәңгі анықтап,
Азаттықтың алғашқы дастанындай
Жан тебірентіп оқисың, ойланып қап.
Талай-талай ардагер азап артқан,
Лениннің ағасы Саша жатқан,
Койканы мен сипаймын алақанмен,
Төрт аяғы мызғымай тасқа батқан,
Аттағанда бұл музей босағасын,
Дейсің іштей: «Бақытты болса басың,
Мәңгі осынау ерлерді есіне алып,
Мәңгі алғыстан ауызың босамасын!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Петропавл қамалында өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Петропавл қамалында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Петропавл қамалында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Петропавл қамалында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері