Ел тегіс осы тойға қуанып тұр

Бұл бетте «Ел тегіс осы тойға қуанып тұр» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2212
Ел тегіс осы тойға қуанып тұр,
Үкімет қолға қызыл ту алып тұр.
Ac беріп аш, арыққа астанадан,
Шәй беріп, шөлдегенді суарып тұр.
Тұтқынның түрмедегі көп дегенін,
Айдын көл алғанда су, суалып тұр.
Лебімен қайнаған су, піскен астың,
Арасын аспан жердің бу алып тұр.
Қарны ашқан ғәріптердің қуанышты,
Даусымен базар ішін ду алып тұр.
Бай, құлақ, атқа мінер сопылардың,
Шаң-шаң боп шекелері қуарып тұр.
Кедейдің қолдарына құюға су,
Құманды бай мен құлақ, қу алып тұр.
Беріліп қазынадан киім, тамақ,
Жылаған жетім, жесір жұбанып тұр.
Қорғауға халықты жаудан қалың әскер,
Қолға алып қылыш, мылтық сыбанып тұр.
Көбейіп күннен күнге күші олардың,
Шаңындай бәйге атының шұбалып тұр.
Еңбегін ел де біліп Үкіметтің, Дауысын
"Жасасын!" деп шығарып тұр.
Көшесі көне заманның қарап болып,
Ел ізін ол кездегі құм алып тұр.
Ол кезде ерікті болып, ел сұрағанның,
Көкірегін - қайғы, көзін дым алып тұр.
Асаудай ұсталмаған бұлқынғанмен,
Мойнында үзілмейтін бұғалық тұр.
Онан да шын көңіліңмен қызмет қылып,
Халық енді қорғалайтын ық алып тұр.
1918.


Пікірлер (1)

Серік Анель❤❤

Өте жаман өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел тегіс осы тойға қуанып тұр өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Ел тегіс осы тойға қуанып тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел тегіс осы тойға қуанып тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел тегіс осы тойға қуанып тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері