Бүгінгі қоғам портреті

Бұл бетте «Бүгінгі қоғам портреті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 936
Герольд Бельгерге

Оңға жүрсең –
Әне бір алаяқтар
Шалып қап құлатады.
Солға жүрсең –
Әне бір қаратаяқтар
Қақ маңдайыңнан
Салып қап сұлатады.
Жылатады!
Алға жүрсең –
Өрмекшінің торындай
Өтіріктің торына
Шырмаласың.
(Соларға қосылып
Өтірік айтпасаң
Онда сен
Бәрінен құр қаласың)
Мына қоғам
Қайтып шыға алмайтындай
Тұйыққа тірелген бір:
Қарашы,
Жерім мен елімді
Қандаладай талап
Быртиып семірген
Біреулер жүр.
Осының бәрін
Көре-көре
Үмітің сөне бастайды.
Сонан соң көрмейін деп
Көзіңді жұмсаң
Онда сені
Өліп қалған екен деп
Көме бастайды...
Парасатты,
Байыпты сөз айтсаң
Сені жынды санайды.
Сонан соң шыдамай
Шындықты айтсаң,
Онда саған
Қатал режимде отырған
Қылмыскерге қарағандай
Шошына қарайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бүгінгі қоғам портреті өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бүгінгі қоғам портреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бүгінгі қоғам портреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бүгінгі қоғам портреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері