Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 739
Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады,
Қайта маған қадалды «қыл, сымдары».
Суалды екен қай жерде гүлсiм бағы?
Қуарды екен қай жерде қыршын жаны?..
Сылқым қызға қарап ем – қас қақпады,
Бал қылығын байқатты жас шақтағы.
Қолтығынан батылдау қысып алып
Баққа қарай бастап ем, бас тартпады.
Қоңыр қызға айтып ем ынтығымды,
Күлкiге iлдi – «Сездiм, – деп, – құлқыныңды...»
Содан берi мұң торып кiрпiгiмдi,
Содан берi көңiлiм iркiлулi.
Момын қызға қарап ем – жүзiн бұрды,
Сүзiлдiрдi,
жанымды үзiлдiрдi.
Жүрегiмнiң қанына қосқым келдi
Ақ жүзiне жүгiрген қызыл нұрды.
«Перизаттың перiште жолын бұзба,
Өзi келiп қонса да қолыңызға...»
Осы бiр сөз есiме түскен сайын
Есiм ауып қараймын Момын қызға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу қызға қарап ем – қымсынбады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері