Қорқыныш – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қорқыныш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 762
Жаным жасып,
Көңiлiм қобалжып қалған.
Не нәрседен де
Жасқанатындай.
Аңдаусыз қалсам
Түу сыртымнан
Қап-қара бәле
Бассалатындай.
Бiреулер –
Қанша жыртсам да! –
Торларын жолыма
Құра беретiндей.
Бұрыштан айналсам –
Алдымнан әлдене
Шыға келетiндей.
Аяғымды бассам
Табанымның асты
Ойылып кететiндей.
Көзiмдi жұмсам –
Дүние қараусыз қалып!–
Жойылып кететiндей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорқыныш өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қорқыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорқыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорқыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері