Жырым-ау, тағы оралдым саған – Серік Жетпісқалиев

Бұл бетте «Жырым-ау, тағы оралдым саған» атты Серік Жетпісқалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жырым-ау, тағы оралдым саған,
Аңсаған құстай көктемін.
Айқасуға да қалмады шамам,
Өзіңе өксіп беттедім.
Әлемің қандай әдемі еді,
Аспаның қандай кіршіксіз.
Шаршатты ездің әлегі мені,
Мекенің неткен мүлтіксіз?!
Жырым-ау, мені тосырқамашы,
Кеудеме көктем орнатшы.
Әніме бұлбұл қосылмағасын,
Көңілім қалай толмақшы?
Армансыз күнім, аңғалдау қалпым,
Беу, неткен бүгін қымбат ең?
Сертімдей болсын қоятын шартың,
Қарсы алшы тағы жыр-мекен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жырым-ау, тағы оралдым саған өлеңінің авторы кім?

Серік Жетпісқалиев — осы өлеңнің авторы.

Жырым-ау, тағы оралдым саған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жырым-ау, тағы оралдым саған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Жетпісқалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жырым-ау, тағы оралдым саған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері