Әуесқой – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әуесқой» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1465
«Қымбатты дос, қайдан келдің, не көрдің?»
«Кунсткамера көрмесінде боп едім.
Бәрін көрдім, бәрін білдім, сұрама,
Баяндауға тіл жетпейді сірә да,
Жалған сөзге жоқ ебім.
Табиғатың ғажабы көп тамаша,
Сан жетпейді санаса!
Қандай аңдар, қандай құстар жоқ онда:
Шыбын-шіркей, көбелек,
Тарақан мен бөгелек,
Бірі – лағыл, бірі – маржан – мол онда!
Кей сиырлар осындай –
Үлкендігі түйреуіштің басындай!»
«Қандай екен, достым, Пілді көрдің бе?
Шығар өзі тауға ұқсаған алып бір».
«Сонда ма еді?» «Сонда». «Достым, мен мүлде
Пілді көрмей қалыппын».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әуесқой өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әуесқой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әуесқой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әуесқой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері