Әйелім деп сүйесің

Бұл бетте «Әйелім деп сүйесің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 920
Әйелім деп сүйесің,
Тапқандай ол да иесін.
Әйелге басты игендей,
Бұлаққа басты иесің.
Күндерді өткен санайсың,
Бақытқа бәрін балайсың.
Ренжітсе әйелің,
Өкпелеп көкке қарайсың.
Әйелдің орны бір бөлек,
Сөйлесе қалса тілге кеп.
Жатады кейде еркектер,
Бүркіттей оны бүрмелеп.
Өкініп бірақ жер теппе,
Бұл өмір аңыз-ертек пе,
Еркекке бақыт – әйел ме,
Әйелге бақыт – еркек пе?!
Үнсіз ұғар тіл болу,
Бір ұшып, көкке бір қону.
Әйел мен еркек бақыты,
Өмірде мәңгі бір болу...
Алдан күтіп тұрады,
Тірлік заңы, ұраны.
Өмір жылжып өмірмен
Бір салтанат құрады.
Сүйініп-жанып күйеді,
Өртеніп, өрт боп сүйеді.
Айналып келіп махаббат,
Достыққа басын иеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелім деп сүйесің өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Әйелім деп сүйесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелім деп сүйесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелім деп сүйесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері