Сәлем саған туған ел

Бұл бетте «Сәлем саған туған ел» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

1. Сыр бойындай баулардан,
Алатаудай таулардан,
Сарыарқадай даламнан,
Теңіз Каспий, Аралдан,
Баян сұлу, Жібектей,
Төлегендей түлектей,
Ұл-қызы бар елімнен,
Жұлдызы бар жерімнен,
Сәлем саған, туған ел!

Қайырмасы:
Аспаны бір, күні бір,
Жұлдызы бір, түні бір,
Арманы бір, сыры бір,
Даласы бір, гүлі бір,
Сәлем саған, туған ел!

2. Ұлы тойдай ұлы ісім,
Жаралған ел, жыр үшін
Сырда сұлу күрішім,
Қырда бидай ырысым.
Миллиардтай алтын дән,
Миллиардтай бар тұлғам,
Жыршы, жырау салтымнан,
Әнші-күйші халқымнан.
Сәлем саған, туған ел!

Қайырмасы.

3. Туған бақыт таңы алдан,
Таңы нұрдан жаралған.
Байқоңырдан ғарышқа
Қанат қаққан сан арман.
Қазақ деген даламнан,
Аруақты бабамнан,
Ардагерім әкемнен,
Ақ жаулықты анамнан,
Сәлем саған, туған ел!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем саған туған ел өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сәлем саған туған ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем саған туған ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем саған туған ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері