Қыстау маңында

Бұл бетте «Қыстау маңында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7742
Тағы да жаным бір қунап,
Кеземін Торғай даласын.
Көкірегімде жыр тулап,
Жұтамын жұпар ауасын.
Ертемен тұрып Торғайға
Қайта, қайта барамын.
Түседі екен мұндайда,
Есіңе сонау бала күн.
Өзімнің туған ауылым,
Қөзіме сондай бәрі ыстық.
Келіппіз білмей қадірін,
Ағайын, туған таныстық.
Тұсында сонау ақ тамның,
Бозшакөл.
Әкем қыстауы,
Жатты ізі жастық шақтардың
Басылды жанның құштары.
Тұрса-дағы күн қайнап,
Салқын екен құм, жазы.
Келеді бірге құм бойлап,
Ғалым менен Мырзалы.
Өзен бойы тал екен,
Қара суы бал екен.
Таяғына сүйеніп
Қарсы алар ма кәрі әкем.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыстау маңында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қыстау маңында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыстау маңында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыстау маңында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері