Қош, баку – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қош, баку» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2328
Алматыма аттандым,
Ақкөңілмен, дос, тату.
Бар сырыңды ақтардың,
Рақмет, қош, Баку.
Көрмеймін деп мен сені,
Есенинше айта алман.
Ашып тастап кеудемді
Оралармын қайтадан.
Үлгірмедім аралап,
Қалды күтіп өзенің.
Тұлпарымен Қарабақ,
Тауларыңды кеземін.
Қонақтармын бейне аққу,
Бір күні кеп көктемде.
Азербайжан, жан Баку,
Шомылармын көк көлге.
Алматыма аттандым,
Аққөңілмен, дос, тату.
Көп сырыңды ақтардың,
Көріскенше, қош, Баку.
1956


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош, баку өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қош, баку өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош, баку өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош, баку өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері