Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Нарынбай қоспақ (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1121
Біздің ел жүруші еді Нарын жайлап,
Көкорай-ау, шалғынына бие байлап, бие байлап.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.

Ауылым Толыбайдың қуысында,
Қалампыр-ау, талшынменен уысында.
Өзіңмен айтқан сертті орындауға,
Барамын-ау, келер айдың туысында.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.

Ені жоқ, таңбасы жоқ қарала аттың,
Базарда-ау бәсі қымбат асыл заттың.
«Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген сөз бар,
Жігітке-ау пайдасы жоқ жаман аттың.

Қайырмасы:
Ей, ей, е-ей, е-ей, бие байлап, ей-уай!
Кешегі жиырманың тентегінде,
Біз жүрдік-ау құрбылармен күліп ойнап, күліп ойнап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нарынбай қоспақ (1 нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері