Асыл сөз

Бұл бетте «Асыл сөз» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 907
Өлшеп сөйле қабырғаңмен кеңес те,
Біз де бір күн бала болдық жоқ есте,
«Әйел» дейміз біз ұмытып Әйелді,
Баламыздың жан анасы емес пе?!
Қайда жүрсем аңсап саған жетемін,
Ұя салған жанұям ғой мекенім,
Біз әйелді «әйел» дейміз, ұмытып,
Таңдап сүйген жан жарымыз екенін.
Ата-бабам айтып өткен ғасыр сөз,
Замандасым айтып өткен жасын сөз.
Қадірін біл, қолыңдағы алтынның,
Ғашық жарың — «Әйел» деген асыл сөз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асыл сөз өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Асыл сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асыл сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асыл сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері