Шөл даланың көкжалы – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Шөл даланың көкжалы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 817
Шөл даланың құмын айт,
Ирім-ирім теңіздей,
Сол бір құмның сырын айт,
Адамменен егіздей.
Шөл даланың аңын айт,
Аңға шығар қол босы.
Түйе боздап аңырайт,
Оның дағы шөл – досы.
Шөл даланың суын айт,
Әр тамшысы алтындай.
Суды жұтқан құмын айт,
Сіміретін тартынбай.
Шөл даланың күнін айт,
Жан күйдірген аптабы.
Әр күнінің мұңын айт,
Гүл жылайтын бақтағы.
Шөл даланың түнін айт,
Түнде жұлдыз ағатын.
Түннің әсем – үні ұнайт,
Шегіртке мұң шағатын.
Жүрегімде жайды үміт,
Дала десе жоқ жаны.
Келе жатыр Айға ұлып,
Шөл даланың көкжалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөл даланың көкжалы өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Шөл даланың көкжалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөл даланың көкжалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөл даланың көкжалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері