Анажан!

Бұл бетте «Анажан!» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Елге барсам,елге барсам анам жоқ,
Сұрайын десем үй ішінде адам көп
Мені тастап кеткеніңбе жұмаққа?
Мен үшін сен,тірісің сен бірақта!

Міне ана менде бүгін ер жеттім,
Менің анам ең әдемі келбеттім!
Түнгі ұйқыңды төрт бөлдіңде тербеттің,
Сендей ана қайдан маған кездессін?!

Көрмегелі көп болдығой жүзіңді,
Ұмытпаймын күлімдеген көзіңді!
Сағынамын анажаным өзіңді
Еркелетіп балам деген сөзіңді

Елге барсам,елге барсам анам жоқ,
Ондай ана сенде барда ,менде жоқ
Сен қуансаң мен қуанам балаша,
Неге ана,неге ана менде жоқ?!

Бесігімде,бесігімде тербеттің,
Құшарлана аймаладың сен кеттің.
Маңдайымнан көп иіскедің сен менің
Бесігімде бесік жырын әндеттің.

Сағынамын сені ана жаутаңдай
Жалғыз өзім айдалада қалғандай
Сөйлесе алмай қалдым ана өзіңмен,
Келші ана құшақтайын сезіммен!

Бақыт деген анам барда бар екен!
Анажаным қай жұмақта жүр екен?!
Енді менің кім сыйпайды басымнан,
Ана деген ең аяулы жан екен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анажан! өлеңінің авторы кім?

Абдилов Серик Ашимович — осы өлеңнің авторы.

Анажан! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анажан! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдилов Серик Ашимович өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анажан! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері