Дүниеден өтті бір алып

Бұл бетте «Дүниеден өтті бір алып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1894
Дүниеден өтті бір алып,
дүниеден өтті дара аға,
көсем боп, сосын сыналып,
жайсаңдықтан таймай сонда да,
кешірімді бізге мұра ғып,
мәңгіге кетіп бара ма?
Қарамай ма енді ол сонда
тербеткен өзін далаға,
өзі шырқатқан қалаға –
сыймай тұр менің санама.
Алатау, Алтай, Атырау,
Қаратау, Көкше, Қазғұрт
қайғыда бүгін жатыр-ау.
Жырақтағандай жаз-үміт…
Кемсеңдер бүгін қарттарым,
жыласа да олар жоқ айып.
Балалар тастап доптарын,
сыбырласады мұңайып:
"Қайтыс бопты, - деп,- Қонаев…"
Барласаң бүгін, саналы ел,
мейірімнен одан кім асты?
Артықтау болса "дана" деу,
кемеңгер екені рас-ты.
Жалпылдап ұшқан көп қарға
жаны мен тәні неге сау?
Төтеп бергенмен оқтарға,
жүрек те темір емес-ау,
қинамай, қимай тоқталды, ә?…
Айналам әлі қараңғы,
өмірім – сынығы жасынның.
Жазықсыздар мен адалды
жазалау – мәні ғасырдың.
Үмітпен шашым ағарды,
ағымнан жарылып шашылдым,
өкпем мен ызаны жасырдым,
арамзаларға ашындым…
"Қош, - дейді елің, - ардағым,"
асылдың орнын кім басар?
Түлектерді талай жалғадың –
далаңнан әлі-ақ түн қашар,
жасылға оранар бағымыз.
Жәннатта болғай жаныңыз!
Рухың, аппақ арманың
халқыңмен мәңгі бір жасар…
1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүниеден өтті бір алып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Дүниеден өтті бір алып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүниеден өтті бір алып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүниеден өтті бір алып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері