Адам күнi адаммен

Бұл бетте «Адам күнi адаммен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1570
Адам күнi адаммен.
Онсыз өлем,
онсыз қурап қалам мен.
бәрiн алам адамдардан,
бәрiн де, –
қуанышын,
қайғысын да алам мен.
Бәрiн жиям жүрегiм мен көңiлге –
намысын да,
кешiрiмiн,
кегiн де...
Қалдырмаймын ештеңе де олардан
бәрiн жиям,
бәрiн де!
Жеңiс сонда –
болса егер күш кiмде,
келдiң, мiне,
қолға ендi түстiң деп
адамдардың өтiрiгi, шындығы
айқасады жүрегiмнiң үстiнде!
Тұрам мен де адамдардай өзгерiп,
отын алам –
ұшқын шашса көздерi.
Келе жатам көтере алмай кей кезде
зiл батпандай ауыр-ауыр сөздерiн.
Көтеремiн,
көмектес деп жалынбан,
жалынуға жiбермейдi арым да.
Дегенменен ауырлықтан соншама
морт сынардай қайысады қабырғам.
Жүрегiмде жатыр жүк боп салмағы –
адамдардың ой-тiлегi,
арманы...
Ауыр состав өткен темiр жолдардай
қайысады
өлеңнiң де
жолдары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам күнi адаммен өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Адам күнi адаммен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам күнi адаммен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам күнi адаммен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері