Бір ел бар

Бұл бетте «Бір ел бар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1066
Сөйлейді тілден бал тама,
Өмірі тәтті — түгел бал.
Әлемдік ұлы картаға
Түспеген әлі бір ел бар!
Бір әлем бар таныған,
Кезіге бермес, кезіге.
Байқамай өткен жанынан,
Колумбаның өзі де!
Өмірден алған өзегін,
Бәрі де бірдей бақытты.
Бақыттан сезбес өз елін,
Бақыттан сезбес Уақытты!
Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз бірақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні!
Сол жерге қарап нәр алдық,
Жүрегі кейде мұңды ұққан.
Ұлы бір заңы — Адалдық,
Тұла бойы тұнған Шындықтан!
Жан жолдасым — жақұтым,
Атын ерттеп Өлеңнің.
Қорғасам деймін Бақытын,
Қаймағын бұзбай сол елдің!
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Шекара етсек бар халық.
Сол елді мәңгі Отан ғып,
Қорғаймын қаруқолға алып!..
Сөйлейді тілден бал тама,
Сөзі де тәтті — түгел бал,
Түспеген әлі картаға
Балалық атты бір ел бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ел бар өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Бір ел бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ел бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ел бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері