Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ

Бұл бетте «Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1213
Кестеленіп өрілген өрнегің боп:
Бауларың көп, табиғат, шөлдерің көп,
Арманың көп, табиғат, іңкәрің көп,
Сұңқарың көп, табиғат, тұлпарың көп,
Асу-асу армандай белдерің көп,
Кестелене өрілген өрнегің көп.
Сол көптің ортасына, О, Табиғат!
Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ.
Келгісі келгендерді келтірмеген,
Өлгісі келгендерді, өлтірмеген,
О, Табиғат,
Мен келдім еркіңменен,
Өмірдің жұмбағы ғой көркің деген,
Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ,
Қалмайын касіреттің өртінде мен,
Өмірдің күйін шерткіз шертілмеген,
Мен, өйткені, табиғат — тәңір Анам,
Өмірге келдім сенің еркіңменен!
Өмірден орнымды бер, өріңді бер,
Босағаны сыйлама, төріңді бер,
Шыңырауға құлатпа, көліңді бер,
Тауыңды бер, о табиғат, селіңді бер,
Тексіз етпе, табиғат, тегімді бер,
Азды берме, табиғат, көбіңді бер,
Өршілдік бер, табиғат, сенімді бер,
Осының бәрін-бәрін бүгін үшін,
Бүгінімді жырлайтын Жырым үшін,
Мен сенің Ақының боп еншілеймін,
Басыла ма көңілім? Көншімеймін!
Көнсем бұған туа ма, киелі өлең,
Ел-халқым жүрегімен сүйер өлең,
Әлемді көңіліммен, о, Табиғат,
Мен сенің ақының боп иеленем!
Тәңір анам — Табиғат — бұлты басып,
Жүрегімнің құпия құлпын ашып,
Талаймен жан досымдай шұрқырасып,
Жыр нөсерін тағдырға төктім көнбей.
Дүниеден бостан-бос өткім келмей
Мен жүрмін! Еркімменен келмесем де,
Өз еркіммен Өмірден кеткім келмей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз еркіммен өмірге келгенім жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері